Қазақстанда ормандардағы заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік енгізілді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеудің базалық ставкаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осылайша Қазақстан ормандарында заңсыз ғимараттар тұрғызғаны үшін жауапкершілік енгізіледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеудің базалық ставкаларына мынадай толықтырулар енгізілді:

  • Шабындық пен жайылымға 1 м2 зиян келтіргені үшін 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған;
  • ағаш алаңы мен өртенген аумақтардан заңсыз ағаш жұлып алғаны үшін 1 м2 – 0,5 АЕК (1725 теңге);
  • ғимаратты заңсыз тұрғызғаны және қойма жасап алғаны үшін 1 м2 – 2 АЕК (6900 теңге).

Ережелерді бұзғаны үшін айыппұлдар да бар:

  • шайыр мен ағаш шырынын алғаны үшін — 1 литр үшін — 0,5 АЕК;
  • қайталама ағаш ресурстарын дайындағаны үшін 1 м2 – 1 АЕК (3450 теңге).

Сонымен қатар емен мен шаған елді мекендердің шегінде заңсыз кесілген ағаш түрлерінің тізімінен, олардың жойылуы мен бүлінуі залалдың орнын толтыруы қажет тізімнен алынып тасталды. Қазір бұл тізімге қарағай, балқарағай, үйеңкі, қайың, жаңғақ, өрік, акация, тал, теңіз шырғанағы сияқты 30-ға жуық ағаш түрлері кіреді. Қаулы 2023 жылдың 25 ақпанында күшіне енеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz