Биыл «Береке» шағынауданындағы емхананың құрылысы аяқталады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының «Береке» шағынауданында 250 орындық жаңа емхананың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданда тұрғындар саны да артып жатқаны да түсінікті. Осыған байланысты шағынауданға медициналық мекеме аса қажет. Бас мердігер «ТОИР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Асхат Кішкентаев қазіргі таңда ішкі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

— Аталған жаңа емхананың құрылыс жұмыстары 2020 жылдың күзінде басталған. Бүгінгі таңда ғимараттың сырты қапталып, жылумен қамту жұмыстары қолға алынды. Одан бөлек сантехникалық жұмыстар атқарылып жатыр. Күн жылынғаннан кейін құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да жалғасады. Құрылысқа пайдаланылып жатқан материалдардың дені отандық өнім екенін атап өткен жөн. Кірпіш пен құбырдың өзі Алматы және Семей қаласынан әкелінеді. Ауқымды құрылыс жұмысын еңсері үшін 70 адам тартылып, 2 техника жұмылдырылған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысының 75 пайызы орындалды. Жұмысшыларға еңбекақы уақытылы төленеді. Құрылысқа қажетті материалдар үздіксіз жеткізіліп, керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Жалпы құны 2.4 млрд. теңгені құрайтын емхана осы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі,- дейді Асхат Кішкентаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz