Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының колл-орталығына өткен жылы 759164 өтінім келіп түскен. 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы түрлі мазмұндағы шағым қалдырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, өтініштердің 93 пайызы бойынша кеңес берілді, 50 мыңнан астам өтінім егжей-тегжейлі қаралып, жауап берілді.
– Өткен жылы пациенттер қорға 24 мың шағым жіберген. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 35 пайызға артты (2021 жылы 17,7 мың шағым). Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданған. Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр. Сондай-ақ медициналық көмекті ұзақ күту, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту, әдепті бұзу, медициналық ұйымның ақпараттық жүйелерінде көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп көрсеткен жағдайлар бойынша шағымдар түсті, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» СҚОФ-ның директоры Лариса Гордеева.
Үстіміздегі жылғы 1-31 қаңтар аралығында облыс бойынша филиал мамандары 499 кеңес бергенін атап өткен жөн.