СҚО-ның денсаулық сақтау мекемелері 19 жаңа санитарлық көлікпен толықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне 19 санитарлық көлік сатып алынды. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа сатып алынған санитарлық көліктердің 10-ы қаладағы емдеу мекемелеріне табысталса, 9-ы аудандық ауруханаларға жөнелтілді. Облыс әкімінің айтуынша, жыл сайын денсаулық сақтау саласына тиесілі автопарк жаңа техникамен толығуда.

— Біздің басты міндетіміз — медициналық қызметтің сапасын жақсарту. Бұл ретте ауруханаларға жаңа заманауи қондырғылар мен көліктер сатып алынып жатыр. Осы жұмыс әлі де жалғасын табады, — деді СҚО әкімі.

Биыл денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 38 медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл дәрігерлік амбулаториялар, ФАП-тар мен медпункттер.  Осы жылы Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлде жаңа емхана ашылады. Сондай-ақ, көктемде көпсалалы облыстық аурухананың құрылысы қайта жанданбақ.

photo1706624677 1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz