Елдос Нәшірәлі Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елдос Нәшірәлі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы 15 ақпанда белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елдос Нәшірәлі 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын, Масси университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы жеке компанияда менеджер болып бастаған.

2006-2007 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің бас маманы.

2010-2012 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Ішкі саясат басқармасының сарапшысы; сарапшы, кеңесші, ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің инспекторы.

2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік БАҚ саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

2018-2021 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болды.

2021-2022 жылдары «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргt дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және хаттама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz