Мектептерді мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету керек

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров мектептерді мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету үшін конкурстарды жедел өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, аппараттық кеңесте Айдарбек Сапаров Петропавлдағы №4 мектепте болған оқиғадан кейін бірқатар тапсырмалар берген.

Аудан әкімдеріне мектеп директорларымен кеңес өткізуді тапсырамын. Барлық сұрақтарды қатаң бақылауда ұстау керек. Мектептерді мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету қажет. Барлық конкурстарды жедел өткізіңіздер, — деді облыс әкімі.

Оқу-ағарту министрлігінде өткен шұғыл кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов шабуыл жағдайларының қайталануын болдырмау үшін барлық кешенді іс-шаралар өткізуге уәде берді. Министр Ғани Бейсембаев болса, мектептерге кіретін адамдарға бақылауды күшейтуді тапсырды. Өңірде құрылған жұмыс тобы қазір білім беру нысандарында қауіпсіздік құралдарының бар-жоғын тексеруде. Бүгінгі таңда облыстың 23 мектебінде мамандандырылған күзет қызметтері бар, ережелер бойынша тағы 27-де қажет екенін айта еткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz