Петропавлда бір отбасы отқа оранған пәтерден шыға алмай қалған

Авторы: Qyzyljar News

Назарбаев көшесіндегі үйлердің бірінде электр сымдарының тұйықталуынан өрт шықты. Үй иелері ерлі-зайыпты мен 2021 жылы туған бала шыға алмай, іште қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өйткені, туыстары есікті сырттарынан құлыптап кеткен. Олар балконға шығып, сол жерде көмек күткен. Өртсөндірушілер оқиға орнына жетіп, автосатының көмегімен кіреберіс есікті ашпақ болғанда, өсіп тұрған ағаш кедергі келтірген екен. Абырой болғанда тұрғындар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

1 жастағы қыз иіс тиіп уланды деген қауіппен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін бүлдіршін үйіне жіберілді.  Жалпы жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан, тұрмыстық техника зақымдалды. Подъезден 15 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz