Өңірдің тарихи және мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер енді толығымен электронды нұсқаға көшіріледі. Бұл туралы өңірге келген Ә.Марғұлан атындағы археология инстиутының делегация мүшелері хабардар етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы Петропавлда Ә.Марғұлан атындағы археология институның филиалы ашылды. Мақсат – облыс тарихын кәсіби археологтарды жұмылдыра отырып, жаңа әдіспен зерттеу. Биыл мамандар зерттелмей қалған орта ғасырлық кезеңге, алтын орда, түркі және ғұн дәуіріне тиесілі есткерткіштерді өңір аумағынан іздеп, экспедиция жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
– Біз екі жылдың ішінде облыста бар ескерткіштердің тізімін жасау ойымызда бар. Біріншіден өңірде қандай ескерткіштер бар екенін білеміз. Екіншіден, бізде бұл жерде кешенді зерттеу болғандықтан біз осы ескерткіштерді жаңадан, жаңа әдіспен осы университеттің базасындағы лабороториялардың барлығын біріктіре отырып, пәнаралық зерттеулер жүргізіп, басқа дәуір ескерткіштерін табуды көздейміз, – деді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы.
Институт мамандары облыстық тарихи және өлкетану музейінде де жұмыс істемек. Қазіргі уақытта музей қорындағы жәдігер саны 300 мыңнан асады. Республиканың кәсіби археолог, антрополог мамандарын жұмылдыра отырып, ұлттық қорымызды дамытпақ. Жерлес археолог Виктор Зайберт, Анатолий Плешковтардың еңбегін болашақ ұрпаққа жеткізіп, музей қорында шаң басып қалуына жол бермеу дейді олар.
Қазіргі уақытта, археология институтының облыстық филиалында 6 маман жұмыс істейді. Ал эспедиция басталғанда институттың басқа да кәсіби мамандары жұмылдырылады деген жоспар бар.