СҚО полицейлері шектеулері бар шетелдік көліктердің иелерімен кездесті (ВИДЕО)

Авторы: Qyzyljar News

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы мен процессингтік орталықтың басшылығы белгілі шектеулері бар көлік иелерімен, сондай-ақ оң рөлді теміртұлпар жүргізушілерімен кездесті. Полицейлерге сұрақтар қою үшін кездесуге 50-ге жуық тұрғын келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесуде кедендік тазартудан өтпеген, кепілге алынған, қолдануға тыйым салынған шетелдік көлік құралдарын заңдастыру мәселелері талқыланды. Қызметкерлер толыққанды жауаптар беріп, өтініш беру алгоритмін түсіндірді.

— Бүгінгі таңда облыс бойынша 1362 автокөлік заңдастырылды. 1000-нан астам автокөлік иелері криминалистің агрегаттық деректерді тексеруін күтуде. Шектеулері бар автокөлік иелеріне заңдастыруды іске асыру үшін қандай кезеңдерден өту керектігі түсіндірілді. Бұдан бөлек, біз оң рөлді көлік құралдары иелерінің тізімін жинадық – олар Қазақстан Республикасы ІІМ әкімшілік полиция комитетіне түзетулер енгізу үшін жіберіледі, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

play btn

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz