СҚО полицейлері “Динамо” ДШСҚ спартакиадасына қатысты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда Борки кентіндегі шаңғы трассасында Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері арасында “Динамо” дене шынықтыру – спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылы полицияның нәзік жанды өкілдері екі орынды иеленіп, ер адамдарды артта қалдырды. Әйелдер жарысында үшінші болып Мамлют ауданының ПБ қызметкері Юлия Волошина мәреге жетсе, СҚО ПД аппаратының қызметкері Татьяна Долбышева жарыстың сөзсіз көшбасшысы атанды.

– Спортпен шұғылдану құқықтық тәртіп сақшыларына жақсы дене шынықтыруға көмектеседі және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Жарысқа облыстың күш құрылымдарының 16 дене шынықтыру ұжымы қатысты. “Динамо” ДШСҚ спартакиадасы 7 спорт түрін қамтиды, келесі кезекте волейболдан жарыстар өтеді, олар наурыз айының басында жоспарланған, — дейді СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Орал Хамзин.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz