Облыста қозғалыс кезінде арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көшелерде көлік көбейген уақытта жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерінің жүруі қиындайды. Жол үстінде жүргізушілер тәртібін арттыру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізіп тұрады. Мақсаты – жол қозғалысының әрбір қатысушысына адамдардың өмірі қызыл және көк жарық сигналдары бар машиналардың жылдамдығы мен еш кедергісіз қозғалуына байланысты екенін жеткізу. Мұндай кезде әр секунд маңызды екенін айта кеткен жөн.
Тәжірибе көрсеткендей, облыс орталығының жүргізушілері тұрғындардың қоңырауларына асығып бара жатқан дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге түсіністікпен қарайды. Десе де, бұзушылықтар да жоқ емес. Өткен жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 598-бабы (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу) бойынша үш бұзушыға қатысты хаттамалар толтырылған. Осы баптың санкциясы 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап ереже бұзылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Жалпы жыл басынан облыс жолдарында жол жүрісі қағидаларының 4300-ден астам бұзушылығы анықталған. Оның ішінде 530-ы – жылдамдықты асыру, 400-ден астамы – қауіпсіздік белдігі мен жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған бұзушылықтар.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі