Жыл басынан Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтар айында Петропавл аумағында негізінен түнгі уақытта осындай мекемелерде 4 ұрлық, 1 бұзақылық және жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі тіркелді. Аталған бұзушылықтарды болдырмас үшін полиция қызметкерлері алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуде.

Өткен айда түнгі кафелердің бірінің иесі жасөспірімнің болуына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов атап өткендей, ойын-сауық мекемелеріндегі және олардың айналасындағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне бейнебақылау мен мамандандырылған күзеттің болмауы әсер етеді. Ойын-сауық орындарындағы бар күзет кей кезде туындаған қақтығыстарды тоқтата алмайды, олар тек шу шығаратын қонақтарды көшеге шығарумен шектеледі. Бұл мәселелер СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның соңғы отырысында талқыланды. Нәтижесінде ойын-сауық мекемелерінің иелерімен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған бірқатар бастамалар болды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz