Петропавлодықтар жыл басынан бері полицияға “102” мобильді қосымшасының көмегімен 129 рет жүгінген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлодықтар жыл басынан бері полицияға “102” мобильді қосымшасының көмегімен 129 рет жүгінген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“102” мобильді қосымшасы – полиция қызметтерін халыққа қолжетімді ететін тиімді құралдардың бірі. Кезекші бөлімге ұялы байланыс бар кез-келген жерден кез-келген уақытта хабарласуға болады.

Жыл басынан бері петропавлдықтар “102” қосымшасын 129 рет пайдаланған. Жол қозғалысы ережелерін бұзу көп себептердің бірі болып табылады. Мысалы, шілде айында келіп түскен 16 өтініштің 8-і автокөлік тұрағының ережелерін бұзумен байланысты. Жауапсыз автокөлік жүргізушілері көліктерді көгалдарға, тротуарларға көліктерін қалдырып кетеді, аулалардан шыққан кезде көліктері тосқауыл болады. Басқа жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тағы 5 өтініш жасалды.

– Қосымша көп арналы қағидат бойынша жұмыс істейді. Оның көмегімен сіз мәтіндік немесе дауыстық хабарлама жібере аласыз, аудио немесе бейне қоңырау шала аласыз, хабарламаға фото, бейне және аудио файлдарды қоса аласыз. Құқық бұзушылықтың куәгері бола отырып, адам ол туралы хабарлап қана қоймай, фото-бейнежазбамен растай алады, бұл тәртіп сақшыларының жұмысын тездетеді. Келіп түскен хабарламалардың растығы жоғары екендігін атап өткен жөн: қаңтардан бастап тек 10 жағдай ғана тексеру кезінде заңдылықтың бұзылу дерегін растамаған. Халықпен көп арналы байланыс жобасы “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы және “Қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын іске асыру шеңберінде іске асырылып жатыр, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының м. а. Әлібек Ғабдуллин.

Қолданбаны App Store және Play Mapket сервистерінен жүктеуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz