СҚО кәсіптік-педагогикалық колледжінде «WorldSkills 2023» конкурсының колледжішілік кезеңі өтті

Авторы: Qyzyljar News

Ақпанның 16-сы күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills 2023» кәсіптік шеберлік конкурсының колледжішілік кезеңі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқауға «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттері қатысты. Модульдерді орындау барысында электр және электронды жүйелер, тұтану жүйесі, беріліс қорабы (механикалық бөлігі), тежеу жүйесі секілді бағыттар тексерілді.

Конкурстық тапсырма тәуелсіз модульдерден, конкурсқа қатысушыларға «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету» құзыреттілігінде дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бір жалпы тапсырмадан тұрды.
Байқау қорытындысы бойынша «WorldSkills 2023» өңірлік чемпионатында колледж атынан қатысқан жеңімпаздар анықталды. 1 орынды Вадим Семизоров жеңіп алса, 2 орынды Никита Мыскин және Дмитрий Дивисин иеленді. Ал 3 орын Ернат Мейрам мен Данил Хохловке бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz