Қазақстанда жылдамдықты арттырғандарға жаңа айыппұлдар тағайындалуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

92-бапқа («Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру») өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде (69 000 теңге) айыппұл салынады.

Ал көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын 80 және одан астам шамаға арттыру – 40 АЕК мөлшерінде (138 000 теңге) айыппұл салуға алып келеді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

593-бап та («Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау») өзгертілді.

Онда жолаушыларды көліктің кабинасынан тыс тасымалдауға, сондай-ақ көлік құралының терезелері мен люктеріне шығып кетуге, есіктерді ашуға және көлік жүргізу кезінде басқа да осыған ұқсас әрекеттерді жасауға жол бергені үшін жаза қарастыратын жаңа тармақ пайда болды.

Бұл әрекеттерге 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.

Қозғалыс кезінде жолаушылар көлік құралының салонынан тыс жерде болған кезде оның талабын сақтамауы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнаулы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және өзге де құрылыстардың не өзге де мүліктің материалдық залал келтіруіне әкеп соққан, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекет 9 ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Заң жобасы 13 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz