Қазақ тілінде оқытатын балабақшаларға сұраныс артты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда 2022 жылы ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың 98 пайызы оқытуды қазақ тілінде жүргізеді. ҚР Білім министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше қазақ тілді балабақшаларға сұраныс артқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар. Бұл балабақшалар ғана емес, білім беретін шағын орталықтар. Оларға 1 миллионнан астам бала тартылған. Олардың 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы аралас.

– Әрине, оқу процесін орыс тілінде жүргізетін мектепке дейінгі ұйымдар бар және олар негізінен қалада орналасқан. Биыл біз 2022 жылы 558 мектепке дейінгі ұйымды аштық. Соның 98 пайызы қазақ тілінде оқытатындар. Яғни, бүгінгі таңда қазақ тілінде оқытатын топтар мен білімге сұраныс артып келеді, – деді Наталья Жұмаділдаева.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры атап өткендей, бала жастайынан қазақ сөздерін күнделікті деңгейде қолданса, бұл оның ғана емес, жалпы отбасында тіл мәдениетін қалыптастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz