Петропавлда әскерге шақыру науқанына тіркеу басталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда биыл 17 жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljar.tv арнасына сілтеме жасап.

Жылда осы уақытта жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке тіркейді. Бұл жолы 2006 жылы туған жасөспірімдер барлық қажетті құжаттарымен әскери басқару органдарына келуге міндетті. Зерделеу жұмыстары кезінде болашақ әскерге шақырушылардың саны анықталып, әскери қызметке жарамдылығы мен денсаулық жағдайы жіті тексеріледі. Оқып жатқан мамандығы мен дене даярлығы да маңызды. Дәрігерлердің айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл келген жасөспірімдердің денсаулығы жақсы, бірақ жүйке ауруларының саны артқан.

— Балалардың арасында жүйке аурулары, сколиоз, майтабан сияқты осы жасқа бейім , бронхиялық астма сияқты аурулар қазіргі уақытта бұрынғымен салыстырғанда көп кездеседі,-дейді, терапевт Майра Елеукина.

Әскери тіркеуден күніне 40-45 жасөспірім өтеді. Биыл жоспар бойынша Петропавл қаласында әскери тіркеуге 1612 азамат тұру керек. Олардың ішінен қазіргі таңда 100 адам тіркелгенін айта кеткен жөн. Еске сала кетейік, көктемгі әскерге шақырту науқаны 1 наурыздан басталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz