СҚО полиция подполковнигі «Tartyl Fest» гранд-финалында турникте 29 рет тартылды (ВИДЕО)

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полиция подполковнигі Tartyl Fest гранд-финалында 29 рет тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері аймақ құрамасының құрамында турникте тартылу бойынша ел тарихындағы ең ірі турнир – «Tartyl Fest» гранд – финалына қатысты. Іріктеу жарыстары Қазақстанның 20 қаласында өтті. Ақтық сында Астанада үздік 170 спортшының арасынан үздіктер анықталды. Республикалық турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан спортшылары жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың қатарында СҚО полиция департаментінің қызметкері Олег Гурский де бар. 35 жастағы полиция подполковнигі турникте 29 рет тартылып, 30 жастан асқан топта және 80-нен 90 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде құрметті үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Tartyl Fest»-ке 29 жастағы полиция лейтенанты Тимур Андреев те қатысты, ол 30 жасқа дейінгі топта 80-нен 90 килограммға дейін өнер көрсетіп, 32 рет тартылды.

СҚО полиция департаментінде дене шынықтыру және спортқа ерекше көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн.  Арнайы дайындық шеңберінде бөлімшелердің жеке құрамы дене шынықтыру сабақтарына, сондай-ақ әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстық және республикалық жарыстарға белсенді қатысады. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов жақында өткен жедел жиналыста “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалының 2022 жылғы дәстүрлі спартакиадасының қорытындысы бойынша кубоктар мен грамоталарды табыс етті. Жыл қорытындысы бойынша үшінші жалпы командалық орынды Петропавл қаласының полиция басқармасы иеленді. Екінші орын – Айыртау ауданының полиция бөлімінің дене шынықтыру ұжымында. Бірінші жалпы командалық орын – облыстық полиция ведомствосы аппаратының командасына берілді.

sddefaultplay btn

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz