Петропавл полицейлері бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға петропавлдық оқушылардың ата-аналары облыстық полиция департаменті басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысып, жауап алды. Жалпы жыл басынан қалада заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй-жайдан тыс жүруінің 109 фактісі тіркелді. Кейде ата-аналар балаларын үлкен ағаларымен немесе әпкелерімен бірге жібереді. Полицейлер заң бойынша олардың жанында тек заңды өкілдер немесе оларды алмастыратын адамдар ғана жүре алатынын түсіндірді. Әжелерінде немесе басқа туыстарында уақытша тұруы, жас спортшылардың жарысқа шығуы кезінде балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын ересек адамға сенімхат ресімдеу қажет.

– Жасөспірімдер нашақорлығы, кемсіту, суицидке бейімділік және басқа қауіптер талқыланды. Негізінен ата-аналар балаларының мінез-құлқындағы түсініксіз өзгерістерді әрдайым байқай алады. Балалардың сеніміне қол жеткізу керек және мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпау қажет. Үйдегі болған келеңсіз жағдайлар балалардың нашақорлыққа берілуіне немесе қылмыстық әрекеттер жасауына себеп болмауы керек. Сондай-ақ қызметкерлер күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым кеңестерді ұсынады. Балалардың көз алдында отбасылық жанжалдарға жол бермеңіз. Кішкентай кезден бастап жануарларға, жасы жағынан кіші інілері мен сіңлілеріне, құрдастарына қатыгездік жасамауды үйретіңіздер. Балаларыңыздың қоршаған ортасы туралы барлығын білуге тырысыңыз, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Аталған жиналыста кәсіби күзетшілердің қызметіне көшу, бейнебақылауды кеңейту сияқты мектептегі қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Ата-аналардың айтуларынша, бірыңғай жиналыс балалар қауіпсіздігіне қатысты барлық сұрақтарға бір жерден жауап алуға жақсы мүмкіндік берген. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін кәсіби қызметтер мен ата-аналардың күшін біріктіру.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz