Энергетика министрі Каспий құбыр консорциумында мұнай жөнелту жұмысы неліктен тоқтап тұрғанын түсіндірді

Авторы: Qyzyljar News

Ақпанның 22-сі үкімет кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Болат Ақшолақов Қара теңізде дауыл тұрғанын еске салды.

— Ауа райына қатысты қиындық туып тұр, кеше құрғақ жүк таситын кемеге не болғанын көрдік. Қауіпті болғасын мұндай жағдайда жүкті түсіруге болмайды. Бейсенбі күні синоптиктердің болжамынша, шамамен сағат 16.00-де ауа райы дұрысталуы керек, сол кезде танкерлер айдынға кіріп, жүк тиеуге тұра алады деп күтіп отырмыз. Өндіруді тоқтатпау үшін әзірге резервуарлар паркінде жұмыс істеп жатырмыз. Жүк жөнелту ауа райы жағдайына байланысты тоқтатылды,- дейді Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, Ақпанның 19-ы ауа райының қолайсыздығына байланысты КҚК-да мұнай тасымалдау тоқтатылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz