Ербол Қарашөкеев елде пияз қоры қанша қалғанын айтты

Авторы: Qyzyljar News

Үкімет кулуарында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде пияз қоры қанша қалғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылы Қазақстанда 1,2 миллион тонна пияз жиналғанын атап өтті.

— Пиязға келетін болсақ, былтыр 1,2 миллион тонна өнім алдық. Оның 1 миллионын Жамбыл облысында жинадық. 300 мыңы тұтынуға ғана. Иә, суармалы жерлер бойынша да экспорттық әлеуетті арттыра аламыз. Бұл Жамбыл облысына қатысты. Ең бастысы, бұл көлемнен ішкі нарықты қамтамасыз ету,- деді Ербол Қарашөкеев.

Министр қазір пиязға қатысты жағдай тұрақталды деп есептейді. Оның айтуынша, қазір республика бойынша 70 мың тонна қор болса, оның 30 мыңнан сәл астамы Жамбыл облысында.

— Жамбыл облысында көтерме баға 200 теңге, Астанада 260-300 теңгені құрады. Дүкендерде пияздың түріне, қандай бағамен әкелгеніне қарай 300-360 теңге аралығында тұр. Баға тұрақталды. Жағдай бақылауда,- дейді Ербол Қарашөкеев.

Ол биыл пияз жеткілікті мөлшерде егілетінін атап өтті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz