Қаңтардың 10-ы мен ақпанның 10-ы күндері аралығында облыста ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Оған өңірдің 2411 түлегі қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл қаңтардың 10-ы күні басталған ҰБТ-ға облыстағы жалпы мектеп түлектерінің 72 пайызы қатысуға ниет білдірді. Бұл білім сынағында қажетті ұпайларды жинақтағандар университеттерде ақылы оқуға түсіуге мүмкіндік алды. Кезекті емтихан наурыздың 14-і мен 30-ы күндері аралығында өтеді деп жоспарланған.
– Кезекті ҰБТ-ға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау ақпанның 20-сы басталып, наурыздың 10-ы күні аяқталады, – дейді СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.