Қазақстанда балаларға қарсы қылмыс саны артқан

Авторы: Qyzyljar News

2023 жылдың қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ұлттық статистика бюросының есебіне сай, бұл бұрынғымен салыстырғанда 32% артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көбіне адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар кәмелетке толмағандарға қатысты жасалғанын айта кеткен жөн. Бұл 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сонымен қатар секторда меншікке қарсы 33, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17, көлікте 17 және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған.

«Он алты жасқа толмаған баламен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрынғы 25 жағдайға қарсы бірден 45 жағдай тіркелді. «Өзіне қол жұмсауға итермелеу» бойынша бір жыл бұрынғы 22 оқиғаға қарсы 24 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша 20 іс тіркелді.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабар алмасу тәртібіне қатысты 3-факультативтік хаттамаға қол қойды. Енді қазақстандықтар балалар құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz