Солтүстікқазақстандық хоккейшілер үшінші кездесуде де есе жіберді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында командалардың плей-офф ойындарында жерлестеріміз өз мұз айдынында «Сарыарқа» клубын қабылдады. Бұған дейін Қарағандыда өткен кездесуде солтүстікқазақстандық ұжым қарсыластарына екі мәрте есе жіберген болатын. Осы жолы да құлагерліктер жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Спорт сарайында өткен ойында жерлестерімізге жеңіс ауадай қажет болды. Сондықтан болар, жерлестеріміз қорғанысты ұмыт қалдырып, шабуылдарға көп көңіл бөлді. Салдарынан кездесуде бірінші болып, өз қақпаларына алғашқы шайбаны өткізді. Нәтижелі соққының авторы — «Сарыарқа» ойыншысы Александр Шин. Кейін солтүстікқазақстандықтар есе қайтаруға тырысып, құлагерліктер сапында Владимир Волков көзге түсіп, ол көп ұзамай дубль соқты. Қонақтар да қарап қалмады, таразы басын Владислав Сайко теңестірді. Кейін де қарағандылықтар есепте алға шықты. Алкесандр Шин тағы да шайбаны қақпаға дәл дарытты. Бірінші бөлімнің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Илья Камбулов есепті 3:3-ке дейін жеткізді.

Ойынның екінші бөлімінде құлагерліктер сапында Артем Пылаев жерлестерімізді есепте алға шығарды. Қарағандыдан келген команданың ойыншылары да өз мүмкіндіктерін пайдаланып, әр қауіпті шабуылдан соң нәтижелі соққылар жасады. Бұл кезеңде 4:6 есебімен жеңіс  «Сарыарқа» клубының  пайдасына шешілді.

Үшінші кезеңде Захар Пархоменко мен Арсений Борисов кездесудегі соңғы шайбыларын қақпаға дарытты. Осылайша кезекті рет жерлестеріміз плей-офф-тың кезекті сынында жеңілді. Қорытынды есеп 4:8.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz