«Құлагер» клубы «Арлан» командасынан ұтылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» өз мұз айдынында көкшетаулық «Арлан» клубын қабылдап, қонақтарға есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Чемпионаттың турнир кестесінде көкшетаулық ұжым көш бастаса, жерлестеріміз 11 команданың ішінде 9-шы сатыда жайғасқан. Осыдан-ақ бұл ойынның фавориті кім екенін білуге болар еді. Дегенмен жергілікті жанкүйерлер жерлестеріміз мінез көрсетіп, қонақтарды қапы қалдыратынына сенді.

Кездесудің бірінші бөлімінде «Арлан» клубының хоккейшілері мықты екендіктерін мұз айдынында көрсетуге тырысты. Нәтижесінде матчтың алғашқы кезеңінде қонақтар 3 бірдей шайбаны «Құлагер» қақпасына дарытты.

Ойынның екінші бөлімін жерлестеріміз ширақ бастап, бірінші шайбаларын да қақпаға дәл дарыта алды. Гол авторы – Иван Антоновский. Кейін көкшетаулықтар солтүстікқазақстандықтар қапы қалдырып, бес бірдей нәтижелі соққы жасады. Оның төртеуін соңғы кезеңде соқты. Осылайша матч 1:8 есебімен аяқталып, жеңіс «Арлан» командасына бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz