Қазақстанда балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі

Авторы: Qyzyljar News

1 қарашада Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі балабақшаларға бірыңғай кезек құру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетов балабақша кезегіне сұраныс көп екенін айтты.

Бұл ретте облыс көлемінде кезекке тұру үшін 44 ақпараттық жүйе қолданылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл кезектің қайталануына алып келеді. Сондай-ақ министр «бірыңғай көзқарас жоқ» деп түсіндірді.

– Аталған мәселені шешу үшін орталықтандырылған деңгейде балабақшаларда бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл сайтты күнделікті бақылауға мүмкіндік береді,- дейді Асхат Аймағамбетов

2022 жылдың қыркүйегінде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы жоғары және жүктеме аз болатыны белгілі болды. Сол кезде Қазақстан Республикасы Білім бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова педагог-бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, сондай-ақ аттестаттау жүйесін өзгерту ұсынылғанын мәлімдеген болатын.

Фото: Ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz