Құрылыста күніне 90 мың теңге табу мүмкін бе

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Солтүстік Қазақстан облысында құрылысшыларға күніне 90 мың теңге айлық төленетіні туралы әкімнің мәліметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада облыс әкімі Айдарбек Сапаров құрылыс саласында күніне 90 мың теңгеден ақша табуға болатынын айтты. Бір шаршы метр кірпіш қалағаны үшін 18 мың теңге төленетінін алға тартып, өңірде тас қалаушылар тапшы екенін жеткізді.

Әкімнің сөздері қаншалықты шындыққа сай келе ме екенін білу үшін вице-министрге сұрақ жолданды. Өз кезегінде үкіметтің өкілі еңбекке ақы төлеу мәселесін нарықтың өзі реттеуі керектігін алға тартты.

– Бұл мәселені мемлекет реттемейді, нарықтың өз мәселесі. Кірпіш қалау қызметінің құны қанша болатынын мемлекет белгілемейді. Солтүстік Қазақстан болсын, басқа өңір болсын кез келген жұмыс түріне төленетін ақы нарық арқылы реттеледі. Бізге бұл жерде қандай да бір пікір білдіру қиын, — деген Олжас Ордабаев әкімнің сөзіне күмән келтірмейтінін айтты.

 

– Егер облыс әкімі өңірде құрылыс компанияларынан сондай ұсыныс бар екенін айтқан болса, солай шығар. Ол ақпаратқа күмәндануымызға себеп жоқ, — деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz