Қазақстанда әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Авторы: Qyzyljar News

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан астамға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

— Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі,- дейді Сұлтан Камалетдинов.

Ол кейінгі жалақы әртүрлі көрсеткіштерге, соның ішінде әскери атаққа, лауазымға, ұшу уақыты мен класына байланысты екенін атап өтті. Бұған дейін Сұлтан Камалетдинов Украинадағы қарулы қақтығыс аясында Қазақстан әскерінде не өзгергенін айтқан еді. Сонымен қатар ол Қазақстанда жеке әскери компаниялар құру мүмкіндігі туралы да қоса кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz