Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылады — мәжіліс заң жобасын сенатқа жолдады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Енді 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар «жастар» санатына кіреді. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжатта «жастар» санатының жас шегін 29-дан 35-ке дейін ұлғайту көзделген.

— Депутаттар заң жобасына «жастар» ұғымының жас шегін жиырма тоғыздан отыз бес жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізді. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оптимизмін, ертеңгі күнге деген сенімділік сезімін нығайтуға мүмкіндік береді және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, — деді депутат Жәмила Нұрманбетова.

Сонымен қатар, әкімдіктерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескеріп, жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөнінде бағдарлама әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беріледі. Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz