Петропавлда шағын футболдан халықаралық турнир басталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде студенттер арасында шағын футболдан 15-ші халықаралық турнирі басталды. Жарыс колледждің бұрынғы басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалинді еске алуға арналған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Сүйіндік Бегалиннің өмірден озғанына 15 жыл толып отыр. Сүйіндік Қазиқанұлы колледжде қызмет атқарған жылдары спортты дамытуға аса көңіл бөліп, ат салысқан азаматтардың бірі болғанын айта кеткен жөн. Ұлағатты ұстаз алғаш рет кәсіптік педагогикалық колледжде дене тәрбиесі мамандығын ашқан. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үздігі атанған оның жарқын бейнесі әріптестерінің есінде.

– Бүгін футзалдан Бегалин Сүйіндік Қазиқанұлын еске алу турнирі өтіп жатыр.Турнирге 8 команда қатысады Ресей федерациясынан Шадринск қаласынан команда қатысып жатыр және Қостанайдан Щучинск қаласынан да студенттер командасы келді және біздің облысымыздың колледждер командасы қатысып жатыр.Бұл турнирдің мақсаты — студенттер арасында спортты дамыту,- дейді Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі құрамасының бас бапкері Мәди Мәкенов.

Халықаралық турнир 2 күнге шақталған. Жеңіске жеткен командалар Сүйіндік Бегалин атындағы арнайы кубок және медальдармен марапатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz