СҚО полицейлері қарлы боранда қалып қойған балықшыларға көмектесті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да қарлы боранда қалып қойған балықшыларға полицейлер мен жергілікті тұрғын көмек көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі — Чаглы көліне балық аулауға аттанған. Түнде қарлы боран басталып үйге оралуға шешім қабылдамақ болған олардың ВАЗ-2110 көлігі қардың астында қалып қойыпты. Түні бойы балықшылар қалың қардан өтіп, таңертең ерте телефон арқылы көмекке жүгінген. Аудандық полиция бөліміне хабар келген кезде, бірден учаскелік инспекторлар Ерлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев жолға шықты. Олармен бірге көлді және оның айналасын жақсы білетін Чермошнянка ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко да барған.Қызметтік «Нива» көлігімен аттанған тәртіп сақшылары әлсіреген балықшыларды тауып бірлескен күш-жігермен оларды жағаға шығарды. Сол күні ауыл тұрғындарының бірі полиция қызметкерлері мен СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына жолдаған хатында алғыс айтты.

– Учаскелік полиция инспекторы — ауылдық жерлерде құқықтық тәртіпті сақтаудағы басты тұлға. Қоғамдық қауіпсіздіктің түрлі мәселелерін шеше отырып, учаскелік полиция инспекция қызметкерлері қиын жағдайларда адамдарға көмекке жиі келеді. Алғыс сөздер қызметкерлерді қолдап, қоғамның игілігі үшін одан әрі қызмет етуге ынталандырады, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz