Облыс орталығында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай кикбоксингтен “Солтүстік Қазақстан кубогы” республикалық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталған турнирде 15 жастан асқан спортшылар 21 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынауда. Турнирдің бас төрешісі Сабыржан Сақтағановтың айтуынша, қазіргі таңда кикбоксинг спорты жастар арасында кеңінен таралуда.
– Елімізде кикбоксинг жылдан-жылға дамып келеді. Жеткіншектердің осы спортқа деген қызығушылығы зор. Жыл сайын жарыстар ұйымдастырып тұрамыз,-дейді турнирдің бас төрешісі Сабыржан Сақтағанов.
Дода соңында жеңіпаздарға кубок пен арнайы сыйлықтар табыс етіледі.