Петропавлда ер адам оқ жарақатынан көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда ер адам оқ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның 26 күні Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, — деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz