СҚО-да туберкулезге шалдыққандар арасында кәмелеттік жасқа толмағандар да бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыста туберкулезге шалдығудың 210 дерегі тіркелді. Оның 10 фактісі кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері диспансердің есебінде туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 296 науқас тіркелген. Олардың 46-сы фтизиопульмонологиялық орталықтың стационарында ем-дом қабылдауда.

– Туберкулезден сақтанудың бірденбір жолы уақтылы флюрографиядан өту. Бұл қажетті тексерістен 15 жастан асқан азаматтар өте алады. Туберкулез ошақтарынан балаларды оқшаулау үшін Мамлютка қаласында 300 орындық 13 санаторлық топ қарастырылған. Сонымен қатар науқастарға Бурабай республикалық оңалту орталығында санаторлық емдеу жүргізіледі, – дейді облыстық фтизиопульмонология орталығы өкпе-хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Тобылжан Жамақов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz