СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны 84 мыңға жуықтады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылдың эпидемиологиялық маусымында 42 569 адам сырқаттанған болатын. Биыл дертке шалдыққан науқастардың 54,5 мыңға жуығы немесе 65 пайызы — 14 жасқа дейінгі бала. Өткен жылғы 13 қарашадан бастап облыста тұмаумен ауыру жағдайлары тіркеле басталды. Осы аралықта өңірде барлығы 74 адам А (H3N2) типті тұмауды жұқтырған. Былтыр қауіпті дерттпен осы кезеңде 250-ден астам адам ауырған.  Жалпы тұмаумен ауырғандардың ең көбі – Петропавлда (36 адам) тіркелді.

Жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz