Алматы қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтар арасында «Қалқан» республикалық қысқы спартакиада өтті. Бұл сайыста жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушы – ҚР Қорғаныс министрлігі. Спартакиадада өңір намысын Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері қорғады. Команда сапында 2 ер бала және 1 қыз бала болды Жарыс бағдарламасына 3 спорт түрі енді, олар пневматикалық мылтықтан ату, тартылу (ұлдар) және денені шалқасынан жатып көтеру (қыздар), шаңғы жарысы.
Спартакиада қорытындысы бойынша өңір командасы жалпы есепте чемпион атанды. Жекелей сында 1 орынды Роман Жеребило, 2 орынды Станислав Лосеев иеленді. Ал қыздар арасында Юлия Токарева күміс медальді еншіледі.