1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл дыбысы іске қосылады

Авторы: Qyzyljar News

Наурыздың 1 Қазақстан бойынша дабыл дыбысы іске қосылады. Республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде наурыздың 1  сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

— Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы. Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғылары (дауыс зорайтқыштары) қысқа мерзімге қосылады, сонымен бірге теледидар және радиоарналарының эфирі ұсталады, интернет-ресурстар мен мобайл қолданбаларда ақпарат орналастырылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz