СҚО-да жыл басынан заңсыз аң аулаудың 3 дерегі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жылы заңсыз аң аулаудың 19 дерегі тіркелді. Биыл небәрі екі айдың ішінде үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, былтыр өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 1 мыңнан астам дерегі тіркелгенін айтуда. Браконьерлермен күрес жүйелі түрде жүргізілгенімен рұқсатсыз аң аулауға баратындар қатары азаяр емес.

– Әр орман шаруашылықтарында қорықшылар бар. Бірақ олар қарамағындағы аумақты толыққанды бақылауда ұстай алмайды. Бұл ретте бірлестік жұмысқа тағы 30 қорықшыны алды. Олардың міндетіне орман жануарларын қолдан тамақтандыру және тұяқтылардың популяциясын қарау кіреді, – дейді «СҚО аңшылар мен балықшылар қоғамы» ҚР басқарма төрағасы Сергей Слепцов.

Әкімшілік полиция бөлімінің мамандары болса, заңсыз аң аулау фактілерін азайту үшін қоғамдық бірлестік тәртіп сақшылармен бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін алға тартты. Жалпы өткен жылы облыста балық және аі аулау кезінде заңнаманы бұзғандарға 4,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда оның басым бөлігі өндірілді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz