СҚО-да тау-кен зауыты салынады

Авторы: Qyzyljar News

Өңірде кен-тау өнеркәсібінің негізі қаланады. Нақтырақ Айыртау ауданында қалайы және вольфрам өндіретін зауыттар бой түземек. Жаңа жобаларды жүзеге асыруға бел байлаған инвесторлармен облыс әкімі Айдарбек Сапаров кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облысқа «Сырымбет» қалайы және «Ақсоран» вольфрам кен орындарын игерумен айналысатын инвестор компаниялардың басшылары келді. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы өңірдегі тау-кен өнеркәсібінің негізі қаланады деп күтілуде. Облыс әкімімен кездескен инвесторлар «Tin One Mining» АҚ инфрақұрылымдық нысандарды салу жобаларын бекітті. Бүгінгі таңда қалайы өндіру бойынша тау-кен металлургиялық кешенін салу жобасы әзірленуде. Әзірге «Қазақстан даму банкі» тарапынан қаржыландыру туралы шешім күтілуде. Вахталық қалашық, зертханалар және инженерлік желілер құрылысына дайындық та басталып кетті. Ал «Есіл-Mining» ЖШС вольфрам кенін өндіретін шахтаның құрылысы, жол мен инженерлік желілердің құжаттарын әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта жер телімдері алынып, жер қазу жұмыстары жүргізілді.

– Биыл электр және инфрақұрылымның желілері тартыла бастайды. Осы металлургиялық комбинаттардың іске қосылуымен өңірде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде Айыртау ауданындағы шамамен 10 мың тұрғынның жағдайы түзеледі, – дейді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz