СҚО-да халықтың үштен бірі көмір дайындамаған

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына тұрғындардың көмірге деген қажеттілігі 419 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 301,7 мың тонна немесе 72% дайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, өңірде отынды бөлшек саудада сатумен 22 компания айналысады. Бүгінгі таңда тұйықтардың жалпы саны 32 болса ондағы көмір қоры 32,2 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде Петропавлда шамамен 4 мың тонна бар. Өңірге үш мың тоннадан астам Қаражыра және 3,5 мың тоннаға жуық Шұбаркөл көмірі келе жатыр. Басқарма отын жылыту маусымы бойы әкелінетініне сендірді. Бағалар көмір маркасына байланысты тоннасына 10 мың теңгеден 17,5 мың теңгеге дейін ауытқиды.

— Жергілікті көмір операторлары «Қазақстан Халық банкі» АҚ әзірлеген маркетплейс платформасында тіркеледі. Үш компания көмірді «Жан» ЖК, «ТЭК Альянс Жолы» ЖШС және «Стандарт» ЖК қосымшалары арқылы сатуда,- делінген энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жариялаған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz