Петропавлда есірткі жарнамалары жойылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, есірткі заттарын жарнамалаған жазуларды өшіру бойынша рейдтік іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдымен әлеуметтік желілерде қала тұрғындарын акцияға жәрдемдесуге шақыру жарияланды. Еріктілер жазудың орналасқан жерін анықтап, полицейлерге хабарлап отырды. Бүгінгі таңда барлығы 15 есірткі граффити жойылды.

– Тұрғындардың  хабарламалары есірткі салушыларды ұстауға көмектесті, ал әуесқой бейнежазбалар қылмыстық іс жүргізуде дәлел болды. Сонымен қатар, қаңтар айында екі адам «Instagram»-дағы және OLx.kz  сайтындағы хабарландыруларға сілтемелер жіберді. Сайт әкімшілігі полициямен келісім бойынша тез арада өшірді, – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Полиция қызметкерлері есірткі сататын ресурстарды анықтау үшін интернет-кеңістікке тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне оларды бұғаттау үшін 31 сілтеме жіберілді. Сондай-ақ қаңтар айынан СҚО полицейлері 35 есірткі құқық бұзушылығын тіркеді. Заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткі алынды, оның ішінде 650 грамы – синтетикалық есірткі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz