Қызылжар ауданы Вишневка ауылындағы үйде өрт шығып, салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Ақпанның 27-сі таңғы сағат 7:49-да Қызылжар ауданы Вишневка ауылында 120 шаршы метр алаңдағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт орнында 1976 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Қайтыс болған ер адам осы ауылдағы иттерге арналған тәлімбақтың иесі екенін айта кеткен жөн. Ол 10 жылдан астам өмірін қаңғыбас жануарларға көмектесуге арнаған екен.