Халықаралық турнирде СҚО-ның балуан қызы қола жүлдегер атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мысырда грек-рим және әйелдер күресінен Мұстафа Ибраһим атындағы халықаралық рейтингтік турнирде жерлесіміз Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Эльмира Сыздықова аса ауыр салмақтағы қыз-келіншектер арасында бағын сынады. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде Францияның Синтия Весканды ұтып, ширек финалға жолдама алды. Кейін қытайлық Жуан Вангпен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Дегенмен жерлесімізге жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік туып, Эльмира отандасымыз Гүлмарал Еркебаеваемен сынға түсті. Қазақстандық балуандардың теке-тіресінде солтүстікқазақстандық қыздың айы оңынан туды. Қола медаль үшін таласта айыртаулық спортшы үндістандық балуанмен кездесіп, нәтижесінде ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде түсті.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін бұл турнирде жерлестеріміздің қатарынан Аманғали Бекболатов көзге түсіп, алтын медаль еншіледі. Ал Данияр Кәленов қола жүлдегер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz