Еркін күрестен әлем чемпионы ел біріншілігінде күміс жүлдені қанағат тұтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы бәсекесінде еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасына қатысқан Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Әлішер Ерғали мен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан белдесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылы айды аспанға шығарып, 92 келіде қазақстандықтар арасынан алғаш рет 19 жасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан еді. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы финалда  Әлішер Ерғалимен белдесті. Бастапқыда уәлихандық жігіт есепте алда келе жатты. Кездесудің соңында Әлішер күш алып, 14:10 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Әлішер Ерғали Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік алды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz