Облыста қатты тұрмыстық қалдықтар үйілген 232 заңсыз полигон анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алқалы отырыста қоқысты сұрыптап, белгіленген жерлерге тұрмыстық қалдықтарды жеткізу жайы туралы да айтылды. Белгілі болғандай, облыс орталығы маңындағы полигонның жағдайы көңіл көншітпейді. Тіпті бұл орын экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Өңір басшысы осы мәселені назардан тыс қалдырмау қажеттігін алға тартып, жылдың соңына дейін 9 ауданда қатты тұрмыстық қалдықтар жеткізілетін полигон салынатынын жеткізді.