СҚО-ның 46 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері көші-қон полициясы бөлімінің мамандарымен бірлесе сотталған азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Инспекторлар тұрғылықты жері бойынша құжаттау және тіркеу бойынша жұмыс жүргізіп, нәтижесінде сотталған көптен күткен құжатын алды. Есепте тұрған азаматтың туу туралы куәлігі мен басқа да маңызды құжаттары бала кезінде жоғалып кеткен екен. Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу қиынға соққан. Енді бұл азаматтың барлық мемлекеттік қызметтерді толық пайдалануға, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік көмекке жүгінуге мүмкіндігі бар.

– Құжаттарды алуға көмектескен пробация қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Инспекторлар менің өтінішіме жедел жауап берді және барлық рәсімдер тез өтті. Енді ресми түрде жұмысқа орналасып, анама көмектесіп, өз елінің азаматы ретінде жаңа өмір бастай алатыныма өте қуаныштымын, – деп бөлісті сотталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz