СҚО-ға арзан дизель отыны климаттық жағдай ескерілмей берілген

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысына жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май бөлінгенде өңірдің ауа райы есепке алынбаған. Салдарынан егіншілікпен айналысатын 3,5 мың диқан көктемде бірқатар қиындыққа ұшырап келген. Енді бұл мәселе шешімін тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, өңір диқандарына арзандатылған дизель отыны климаттық жағдайлар есепке алынбай бөлінген. Бұл мәселені жанар-жағармай материалдарының операторлары көтерді.

— Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына қажет дизель отынының көп бөлігін техникалық сипаттамалары елдің солтүстік өңірлерінің ауа-райына сәйкес келмейтін Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөліп келген. Осының салдарынан жанар-жағармай қатып қалып, көктемгі дала жұмыстарының кешеуілдеуіне, қымбат шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының істен шығуына әкеп соқтырды. Жыл сайын облыстың 3,5 мыңға жуық шаруасы осындай проблемаға ұрынып келген, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Енді бұл мәселе шешімін тауып отыр. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында ведомствоаралық жұмыс кеңесін ұйымдастырды, онда жоғарыда аталған мәселе Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі басшылығына жеткізілді.

Нәтижесінде, бейінді министрлік осы жылғы көктемгі дала жұмыстарына солтүстік өңір үшін неғұрлым бейімделген Павлодар мұнай-химия зауытынан 53 мың тонна дизель отынын бөлу туралы шешім қабылдады. Қалған қажет мөлшер — 20,6 мың тонна, күн жылынысымен мамыр айында Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізілетін болады.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арзан дизель отынын алу үшін жұмысын тоқтатқан агроқұрылымдарды да есепке алу деректерін анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz