СҚО бойынша ҚАЖД-да спорттық және зияткерлік жарыстар өтті

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО бойынша ҚАЖД-да спорттық және зияткерлік жарыстар өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №48 түзету мекемесінде Алғыс айту күні мерекесі аясында сотталғандармен “Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет” және “Көктемнің бірінші күні” тақырыптарында дәріс өткізіліп, деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, салауатты өмір салтын ынталандыру және дамыту мақсатында сотталғандар арасында дойбы, шахмат, үстел теннисі және тюбингтерде эстафета сияқты спорттық және зияткерлік жарыстар өтті.

Іс-шара суреттер байқауымен аяқталды. Қатысушылар осы мерекеге деген көзқарастарын бейнелеп қана қоймай, қазылар алқасының мүшелеріне суреттерге салынған мағынаны түсіндірді. Байқау көрермендеріне жақын адамдарына алғыстарын білдіруге мүмкіндік туды. Осылайша сотталғандардың бірі жолдастары мен ата-анасына үнемі қолдау көрсеткені, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz