ҚР ІІМ Қарағанды академиясының қызметкерлері СҚО оқушыларымен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері кәсіби бағдар беру үшін облыс орталығының орта мектептеріне барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған жоғары оқу орнында білім алудың артықшылықтары туралы Петропавлдағы мектептердің болашақ түлектеріне ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқытушысы Надежда Ахметжанова айтып берді.

— Шығармашылық емтихандардан, қазақ, орыс тілдері мен әдебиеттерінен басқа бейіндік пәндердің кез-келген өзге комбинациясына жол беріледі. Оқыту тегін, курсанттарға стипендия тағайындалып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Оқуды бітіргеннен кейін, курсанттар «полиция лейтенанты» деген атағын алады. Сондай-ақ оларға ішкі істер органдарында жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі,- дейді Надежда Ахметжанова.

Сонымен қатар Қарағанды академиясы жоғары оқу орнынан кейін білім алуға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Онда полиция қызметкерлері магистратурада немесе докторантурада оқып, кәсіби деңгейін көтере алады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz