Балалар жүзіндегі қуаныш

Авторы: Qyzyljar News

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы  өмірлік қиын жағдайға  тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен бірге Петропавл қаласының көрікті орындарын аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Олар ең алдымен қаладағы сауда орталықтарына барып, балаларға сәнді киім сатып алды. Содан кейін қыздарға кәсіби шаш үлгісі жасалды. Орталық тәрбиеленушілері сән мектебінің өкілдерімен кездесіп, фотопозинг бойынша шеберлік сағатына қатысты. Суретке түсірудің қыр-сырына қаныққан оларды Петропавлдың ең үздік фотографтарының бірі фотосессияға шақырды. Бұл шарадан ұл балалар да қалыс қалмады. Күндерін қызықты өткізген балалар тәтті тоқаштар толы дастархан басына жиналып, қыздарға бағалы сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

Қазақта “Жетім көрсең – жебей жүр” деген сөз бар. Жалпы департамент өкілдері әр мереке сайын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін назардан тыс қалдырмайды. Сыйлықтарын, тәттілерін алып барып, бүлдіршіндерді қуантуға асығып тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz